24 Қараша, 2016

Ертіс өңірінде «Менің елім – Мәңгілік ел» форумы өтті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық форумы өтті, деп хабарлады Baq.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болған акцияда патриот ұл-қыздар бас қосты. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттауды мақсат еткен. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов құттықтау сөзінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлем елдері арасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышанына айналып үлгергенін атап өтті. «Қазіргі таңда Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуда. Жастарға қолдау көрсетіліп жатыр. Тұрғын үйлер, жатақханалар мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Ертіс өңірінде жастар саясаты бағытында толағай табыстар бар. Мәселен, Павлодар облысында жастарға қызмет көрсету орталығы еліміз бойынша бірінші болып ашылды. Бүгінде осы орталықта ілкімді жобалар жүзеге асырылуда», – деді Бауыржан Қасенов. Еске сала кетсек, республикалық акция 4 қарашада Талдықорғанда бастау алған. Мерекелік шара аясында жастар «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» атты кітапқа тілектерін жазды. Кейін бұл кітап Мемлекет басшысына табысталмақ. «Бүгін Павлодар қаласына «Менің елім – Мәңгілік ел» атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. «Мәңгілік ел» кітабы – акциямыздың негізгі нышаны. Сол кітапқа әрбір аймақтың жастары өзінің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жазады. Ертіс өңірінен соң бұл кітапты Шығыс Қазақстан облысының жастарына табыстаймыз», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар белсендісі Максим Споткай.